Делиде қонақүй өртеніп, 17 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Делидегі Arpit Palace қонақүйінде өрт болып, 17 адам құрбан болды. Оның ішінде жас бала да бар, деп хабарлайды ВВС.

Бұл мәліметті Үндістан полициясы таратқан.

Видеода адамдардың 4-қабаттан секіріп жатқаны көрінеді. Өрт сейсенбі күні таңғы уақытта болған.

Билік өкілдері 35 адам құтқарылғанын мәлім етті. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен.

Қонақүй Карол-Ба деп аталатын орталық ауданда орналасқан. Ол жер туристерді базарларымен, сауда сататын көшелерімен және арзан бағалы қонақүйлерімен тартады.

БАҚ таратқан ақпаратқа сай, ажал құшқандардың көбі адамдардың бір-бірін жаншып-таптауынан өлген. Қазіргі сәтте оқиға неден болғаны анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар