«Дели-Алматы» рейсінің жолаушылары Алматыға ертең жеткізілетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» компаниясы «Дели-Алматы» бағытындағы бөгелген рейстің жолаушыларын Оман корольдігі арқылы жеткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Эйр Астана компаниясының қоғаммен байланыс департаменті мәлім етті.

«Алматыға жете алмай жатқан «Дели-Алматы» бағытындағы рейс жолаушылары 28 ақпанда таңғы Нью-Дели уақытымен 06:30-да Алматыға кешкі 16:50-де жеткізіледі. Ұшу уақытын әуе билігі тағы нақтылауы тиіс. Ұшақ Пәкістан әуе кеңістігінен тыс өтетін болды. Әуе кемесі Оман корольдігіндегі Мускат әуежайында жанармай құюға тоқтайды. Осыған байланысты Эйр Астананың колл орталығы 27 ақпанда ұшуы тиіс болған «Алматы - Дели - Алматы» бағытындағы KC 963/964 рейсі мен 28 ақпандағы рейсінің жолаушыларын басқа тасымалдаушылармен жеткізу жолдарын талқылап жатыр.

Айта кету керек, Эйр Астана әуе компаниясының Дели-Алматы бағытындағы рейсі Пәкістан республикасының әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты ұшпай қалды.

Соңғы жаңалықтар