Делдалдар Астанадағы азық-түлік бағасын 50 пайызға дейін қымбаттатып отыр - әкімдік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордада азық-түлік бағасының қымбаттығына қандай факторлар әсер етіп отырғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік бағасының өсуіне негізінен делдалдық схемалар әсер етіп отыр. Бұл жерде азық-түлік өндірушілер бағаны көтеріп жатпағанын айту керек. Бағаны делдалдар көтереді. Солар бағаны 50 пайызға дейін қолдан қымбаттатады. Бүгінгі таңда бұл бағытта өңірлік комиссиямен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді ол баспасөз конференциясында.

Айтуынша, аталған комиссияның 21 отырысы өткен.

«Оның 9-ы көшпелі комиссия болды. Сондай-ақ, саудадағы үстемеақыны 15 пайыздан асырмауға бағытталған заңды шараларды түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз», - деді Мақсат Жаңабаев.


Соңғы жаңалықтар