«Дельта» штамы әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді – ДДСҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Анадолы-ҚазАқпарат – Коронавирустың алғаш рет Үндістан елінде анықталған штамм әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бас хатшы «Дельта» штамы әлемнің кем дегенде 98 елінде тіркелгенін ескертті.

Оның айтуынша, бұл штамм вакциналау деңгейі төмен не жоғары болсын – барлық елдерде жылдам таралып отыр.

«Дельта» штамы өте қауіпті, ол тез таралып, мутацияланады», - деп мәлім етті Гебрейесус.


Соңғы жаңалықтар