Декларацияны дұрыс толтырмаған Грузия шенеуніктері жауапқа тартылып жатыр

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияда 2018 жылға мүліктік декларациялардың дұрыс толтырылуына тексеріс жүргізіліп, бірқатар шенеуніктің заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Олардың арасында қалалар мен аудандардың мэрлері, парламент мүшелері, тіпті судьялар да бар. Бұл туралы «Грузия жаңалықтары» ақпарат агенттігі хабарлады.

Декларацияны бұрыс толтырған шенеуніктерге, атап айтқанда, Кутаиси қаласының, Самтредия, Багдади, Зестафони, Ткибули, Хони, Аспиндза Озургети аудандарының мэрлеріне, сондай-ақ Чиатур, Ланчхут, Хон аудандары әкімшілерінің төрағаларына, Цаленджих және Сенака қалалық кеңестерінің төрағаларына айыппұл салынды.

Енді айыпты шенеуніктер жалақыларының 20% қазынаға құяды.

Сонымен қатар, Грузия Жария ету қызметінің бюросы Тбилиси сакребуло (қалалық кеңес) төрағасының орынбасарлары Марика Дарчий мен Георгий Ахвледианидің, «Грузин арманы» фракциясының төрағасы Вахтанг Шакарашвилидің декларацияларынан да кемшіліктер тапқан.

Мекеме, сондай-ақ Грузия қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Юрий Нозадзеге, Ұлттық банк кеңесінің мүшесі Важа Джанкарашвилиге де айыппұл салды.

Бұдан тыс, айыппұл салынған мемлекеттік қайраткерлердің арасында парламенттің 59 мүшесі, бірнеше судья бар.

Жалпы, Бюро 448 декларацияны тексеріп, соның 379-ы талапқа сай емес екендігін анықтады. Ал бір құжат құқыққорғау органдарына жіберілген.

Соңғы жаңалықтар