ДЭФ рейтингі: Қазақстан екі көрсеткіш бойынша бірінші орыннан көрінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік рейтингінде Қазақстан екі көрсеткіш бойынша бірінші орыннан көрінді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі департамент басшысының орынбасары Бауыржан Тұрлыбековтың айтуынша, рейтингте «Инфрақұрылым» атты көрсеткіш бар. Оған 12 фактор кіреді. Соның бірі - электр энергиясымен қамтамасыз ету қолжетімділігі.

«Дәл осы фактор бойынша Қазақстан бірінші орынға жайғасты. Бұдан бөлек, біз «Акционерлердің құқықтарын қорғау» көрсеткіші бойынша да бірінші орынды иелендік. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы инвестициялық климат жақсы деген сөз», - деді Б.Тұрлыбеков Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілет индексі (ЖБИ) бойынша жыл сайынғы есебін жариялады. 2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын және төртінші индустриялық революцияның (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБИ әдістемесі айтарлықтай өзгертілді.

Жаңа 4.0 ЖБИ әдістемесіне сәйкес, негізгі екпін статистикалық индикаторларға жасалады (олардың үлесі - 70%, ал сауалнамалық индикаторлардың үлесі 30%-ды құрайды). Сонымен қатар, барлық факторлардың үлес салмағы бірдей.

«ЖБИ есебінің құрылымы мынадай 12 фактордан тұрады: «Институттар», «Инфрақұрылым», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық», «Білім және дағдылар», «Тауарлар нарығы», «Еңбек нарығы», «Қаржылық жүйе», «Нарық өлшемі», «Бизнестің қарқындылығы» және «Инновациялық әлеует». ЖБИ-2018 есебінде бағаланатын елдердің саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтың 94%-ын және әлемдік ЖІӨ-нің 98%-ын қамтиды. ЖБИ 98 көрсеткішпен есептеледі, олардың арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБИ сауалнамасына негізделді», - делінген министрліктің ресми xабарламасында.

Биыл рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орын алды, ол соңғы 5 жыл ішінде көшбасшылардың үштігіне еніп отыр. Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония рейтинг көшбасшысы орнын сақтап қалды. 2018 жылғы рейтингтің нәтижесі бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллмен 59-орынды иеленді, яғни 2017 жылғы орында қалды.

12 бәсекеге қабілет факторының арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар, 4 фактор бойынша төмендеу орын алды, 3 фактор бойынша жайғасым төмендеген жоқ. 98 индикатордың арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

«Қазақстанның бәсекеге қабілет артықшылықтары: еңбек нарығы - 30-орын (3 жайғасымға жақсарды) және бизнестің қарқындылығы - 37-орын (2 жайғасымға нашарлады). ДЭФ бағасына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеті мынадай факторлар бойынша орташа деңгейде тұр: «АКТ» - 44-орын, «Нарық өлшемі» - 45-орын, «Білім және дағдылар» - 57-орын, «Тауарлар нарығы» - 57-орын, «Институттар» - 61-орын, «Макроэкономикалық тұрақтылық» - 62-орын және «Инфрақұрылым» - 69- орын.

Қазақстанның әлсіз жайғасымдары ретінде мынадай факторлар анықталды: «Қаржылық жүйе» - 100-орын, «Денсаулық» - 97-орын және «Инновациялық әлеует» - 87-орын. Рейтингте айтарлықтай жақсартулар 12-жайғасымнан 61-орынға көтерілген «Институттар» факторы бойынша және 10-жайғасымнан 57-орынға көтерілген «Тауарлар нарығы» факторы бойынша байқалады. Сондай-ақ Қазақстан келесі факторлар бойынша оң динамиканы көрсетті: «Инфрақұрылым» (69-орын, 2017 ж. - 72-орын) және «Еңбек нарығы» - (30-орын, 2016 ж. - 33-орын), «Қаржылық жүйе» - (100-орын, 2016 ж. - 102-орын).

2 фактор бойынша төмендегені байқалды, олар: «Білім және дағдылар» (57- орын, -5 жайғасым) және «Денсаулық» (97-орын, -3 жайғасым). Ал «Инновациялық әлеует» (97-орын), «АКТ» (44-орын) және «Нарық өлшемі» (45-орын) секілді 3 фактор бойынша Қазақстанның орны өзгерген жоқ.

Соңғы жаңалықтар