Де ла Хойя: Үшінші жекпе-жектің болатын-болмайтынын Альварес шешеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Оскар Де ла Хойя Boxingscene порталына сұхбат беріп, орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің (50-1-2,34КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1,34КО) болуы мүмкін үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру жағын ойластырамыз. Мен жаңа ғана Леффлермен (Головкиннің промоутері - авт.) және Сулейманмен (WBC президенті) сөйлестім, біз Альварестың келесі жоспарын талқыладық. Біз Альварес және бокс спорты үшін тиімді жұмыстар істейміз, басқасы маңызды емес. Ең маңыздысы - жанкүйерлер ең тартысты жекпе-жекті көруі керек», - деді Де ла Хойя.

Промоутер Альварестің осы жылы 15 желтоқсанында рингке оралатынын, қарсыластың әзірге белгісіз екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Оскар Де ла Хойя үшінші жекпе-жек туралы былай деді:

«Екінші жекпе-жек өте тартысты болды. Ал үшінші жекпе-жек болуы әбден мұмкін, жанкүйерлер бұл айқасты көргісі келеді. Бастысы - Альварес жеңіске жетті, мен енді онымен сөйлесемін. Жалпы, үшінші жекпе-жектің болу-болмауын Альварес шешеді». 

Еске сала кетейік, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтті. Нәтижесінде, отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белбеулерінен айрылды.

Соңғы жаңалықтар