Де Ла Хойя: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін алдағы ремачтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

««Канело» оны нокаутқа түсіру үшін рингке шығады. Ол GGG-ді бірден нокаутқа жібереді. Алғашқы жекпе-жектен кейін Головкиннің командасы көп нәрсе айтқан еді... «Канело» маған Головкинді қатты соққыға жығып, нокаутқа түсіру үшін барын салатынын айтты. Ол қарсыласына қатысты мұндай сөздерді алғаш рет айтып отыр. Мен нокауттың боларына сенімдімін. Біз шешімді емес, нокаутты тамашалағымыз келеді! «Канело» қарсыласына бар күшін көрсетіп, қыспаққа алады!», - деп уәде берді Де Ла Хойя.

«Канело»-GGG  қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі «T-Mobile» аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар