ДДҰ: жануарлар арасында SARS-CoV-2 таралуы жаңа штамның пайда болу қаупін тудырады

None
None
ЖЕНЕВА.ҚазАқпарат - SARS-CoV-2 вирусының жануарлар арасында таралуы адамдарға қауіп төндіретін жаңа коронавирус штамының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әлем елдері бұл инфекцияның адамнан жануарға жұғу қаупін азайтуға күш салуы керек. Бұл туралы ҚазАқпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы дүйсенбі күні әлем қауымдастығына осындай үндеу жолдады.

Женевада жарияланған бірлескен мәлімдемеде олар жаңа коронавирус нұсқасының пайда болу мүмкіндігін азайту және одан қорғану үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Үш ұйым да «SARS-CoV-2-нің табиғатта таралуы жануарлар арасында жаңа коронавирустың пайда болуына әкелуі мүмкін» деп ескертті. Олар қолда бар ақпаратқа сәйкес, АҚШ-тағы аққұйрықты бұғылардың үштен бірі SARS-CoV-2 жұқтырғанын еске салды. Бұған адамдар кінәлі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар