ДДҰ Солтүстік Кореяға коронавируспен күрес бойынша көмек көрсетуге дайын
2022 жылғы 13 мамыр 09:00

ДДҰ Солтүстік Кореяға коронавируспен күрес бойынша көмек көрсетуге дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Корея Халық Демократиялық Республикасында (ҚХДР) COVID-19-инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелгені туралы ақпарат пайда болғаннан кейін елге қауіпті вируспен күрес жолында қол ұшын созуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ДДҰ КХДР билігімен байланыста екенін, бірақ ол елдің денсаулық сақтау министрлігінен ешқандай ресми хабарлама алмағанын айтты. Елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Пхеньяньда омикрон штамын жұқтыру жағдайы анықталғанын хабарлады.
ДДҰ-ның Солтүстік Кореядағы өкілі Эдвин Сальвадор ұйымның елге COVID-19-ға әзірлік және әрекет ету ұлттық жоспарын әзірлеуде көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл жоспар өңірлік деңгейде қарастырылып, бекітілген. Ол Пхеньяньға COVAX бастамалары аясында COVID-19-ға қарсы вакцина алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін Солтүстік Кореяда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгені туралы хабарлады.


Jańalyqtar

MURAǴAT