ДДҰ сарапшысы қарағандылық дәрігерлерге арналған шеберлік сабағын өткізеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық перинаталдық орталықта «Акушерлік және неонатологиядағы шұғыл жағдайлар» атты халықаралық шеберлік сабағы өтіп жатыр. Дәрістерді Кишинев пен Алматының жетекші мамандары оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Молдовадан келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық сарапшысы, Кишинев мемлекеттік медицина және фармация университетінің Акушерлік және гинекология кафедрасының медицина ғылымдарының докторы Ион Бологан және дәрігер-неонатолог, PHD профессор Қарлығаш Жұбанышева қарағандылық дәрігерлерге білетінін үйретеді.

«Семинар ана мен бала өлімін төмендету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлбан Мамалинова.


Облыстың барлық аудан және қалаларынан 25 акушер мен неонатолог оқытылады. Шеберлік сабағы бес күнге созылады. Курстың негізгі тақырыбы жаңа туған нәрестенің аурулары, жүктілік кезінде патология мен инфекциялар және босанғаннан кейінгі кезеңдегі сырқаттар төңірегінде болады.

Курс біткен соң тыңдаушыларға сертификат беріледі.


Соңғы жаңалықтар