ДДҰ коронавирустың пайда болуын анықтау үшін Қытайға жасаған сапарының қорытындысын жариялады

None
None
ЖЕНЕВА.ҚазАқпарат – ДДҰ сарапшылары Қытайдың Ухан қаласына жасалған сапардан кейін жаңа типтегі коронавирус зертханадан тараған деген нұсқа күмәнді деген қорытындыға келді. Мұндай қорытынды сейсенбі күні ДДҰ сайтында жарияланған баяндамада жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зертханалық жағдай нәтижесінде адамға ауысуы екіталай болып көрінеді»,- делінген баяндамада.

Онда «аралық тасымалдаушы» арқылы вирустың адамдарға берілуі «өте ықтимал» деп көрсетілген.

Құжатта сонымен қатар жарғанаттар COVID-19-дың алғашқы тасымалдаушысы болуы мүмкін, содан кейін вирус басқа жануарлардың ағзасында мутацияға ұшырауы мүмкін екені айтылған.


Соңғы жаңалықтар