ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Сантьяго Мас-Кома коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өту қажеттігін, өйткені вакцинациядан кейінгі иммундық қорғаныс бірнеше айға ғана созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Известия агенттігіне сілтеме жасап.

«Ревакцинация кезінде егде жастағы адамдарға басымдық берілуі тиіс. Ең дұрысы - жаңа штамдармен күресу үшін модификацияланған пепараттармен ревакцинация жасау. Осы орайда синтез процестерінің ерекшеліктеріне байланысты мРНҚ вакциналарын пайдаланған абзал», - деді Сантьяго Мас-Кома.

Оның айтуынша, ғалымдар әлі күнге дейін COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан қаншалықты жиі өту керектігін анықтай алмай отыр.

«Бұл негізінен жас топтарына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жастар үшін ревакцинация уақыты ұзағырақ, ал егде жастағы адамдар үшін қысқарақ дегендей. Сондай-ақ адамның денсаулық жағдайына да тікелей байланысты», - деді сарапшы.

Бір күн бұрын Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс маманы Владимир Чуланов «Спутник Лайт» екпесін ревакцинациялау үшін немесе COVID-19 инфекциясымен ауырып шыққаннан кейін салдыру қажеттігін мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар