+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

ДДҰ: Коронавирус туберкулезден болатын өлімнің өсуіне әкелуі ықтимал

2020 жылғы 15 қазан 17:50
Бөлісіңіз:
ДДҰ: Коронавирус туберкулезден болатын өлімнің өсуіне әкелуі ықтимал

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат. – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таяу жылдары туберкулезден болатын өлім-жітімнің күрт өсуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әл-Жазира агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыстар мен қаражаттың жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.

ДДҰ 2020 жылдың бірінші жартысында туберкулездің жаңа жағдайлары туралы есеп беру мен бақылаудың едәуір төмендегенін айтты, өйткені елдер COVID-19 таралуын болдырмауға шектеулер енгізген болатын.

Есепте әлемдегі туберкулез ауруы ең жоғары елдердің қатарына кіретін Үндістан, Индонезия және Филиппин елдері 2020 жылдың алты айындағы жағдай туралы хабарламалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25-30% төмендегені туралы айтқан.

ДДҰ моделіне сәйкес, ауру жағдайлары туралы хабарламалар санының мұндай азаюы туберкулезден қосымша өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін. 2018-2019 жылдар аралығында шамамен 14 миллион адам туберкулезден емделген, бірақ бұл 2022 жылға дейін емделуге үміттенген 40 миллионның үштен бірі ғана.

ДДҰ мәліметтері бойынша, науқастардың шамамен 85%-ын алты ай бойы дәрі-дәрмекпен сәтті емдеуге болады. Емдеу сонымен қатар инфекцияның одан әрі таралуын азайтады. 2000 жылдан бастап туберкулезді емдеу 60 миллионнан астам адамның өлімін сақтап қалды.

Естеріңізге сала кетейік, туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы ауру болып саналады. Бұл көбінесе өкпеге әсер ететін және оңай таралуы мүмкін бактериялардан болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT