USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ДДСҰ: Зика вирусына қарсы вакциналарды сынақтан өткізу 1,5 жылдан кейін ғана басталады

2016 жылғы 12 ақпан 23:11
Бөлісіңіз:
 ДДСҰ: Зика вирусына қарсы вакциналарды сынақтан өткізу 1,5 жылдан кейін ғана басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша қазіргі уақытта Зика індетіне қарсы бірнеше вакцина жасалып жатыр, алайда оларлы толық көлемде сынақтан өткізу бір жарым жылдан кейін ғана мүмкін, деп хабарлады ТАСС.

ДДСҰ басшысының орынбасары Мари-Поль Кини «Зика» вирусына қарсы вакцинаны дайындауға 15 фармацевтикалық компания атсалысып жатқанын айтты.

ДДСҰ-ның өкілі сондай-ақ алдағы уақытта вирусты анықтайтын диагностикалық тесттердің пайда болатынын жеткізді. Оларды дайындау 10 биотехнологиялық компанияға жүктелген.

Бейсенбі күні Бразилияның Денсаулық сақтау министрі Марсело Кастро Зика вирусына қарсы вакцинаның шамамен бір жылдан кейін жасалатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Бразилияда Зика вирусынан үшінші адам көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT