ДДСҰ: Зика вирусын төрт миллион адам жұқтыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Масалар тарататын Зика вирусы Батыс жартышарда өте жылдам таралып жатыр.

Биылғы жылы Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада үштен төрт миллионға дейін адам Зика вирусын жұқтыруы мүмкін, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ).

Олардың көбінің ешқандай белгілері жоқ, алайда, бұл вирустың жаңа туған нәрестелерде ми ақауларының пайда болуына әкеп соқтырады деген күдік бар.

АҚШ бұл вирусқа қарсы вакцинаны ағымдағы жылдың соңына қарай сынақтан өткізе бастамақ.

Соңғы рет осындай төтенше жағдай Батыс Африкада 11 мыңнан астам адамның өмірін қиған Батыс Африкада Эбола дертінің тарауына байланысты жарияланған.

Зика вирусы алғаш рет 1947 жылы Уругвайда пайда болған, бірақ сол кезден бері оның осыншама тез таралу оқиғасы болмаған.

Бразилия бұл вирусты жұқтыру оқиғалары туралы алғаш рет 2015 жылдың мамыр айында хабарлаған, деп жазады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар