ДДСҰ жолдаған көмек Қостанай облысына жетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы кезекті гуманитарлық көмекті қабылдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің жедел штабына сілтеме жасап.

Бұл жолғы көмекті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Түркия мемлекеті жолдаған. Басқарма мамандары 2 жасанды тыныс алу аппараты қабылдап алды. Бұл құрылғылар облыс орталығынан шалғай орналасқан Амангелді және Жангелдин аудандарына беріледі.

«Гуманитарлық көмек ретінде 80 мың бетперде, 3 600 көзілдірік, 2 000 қорғаныш халаты, 6 700 қорғаныш костюмі, 25 100 қорғаныш экраны келді. Бұлар таяу уақытта барлық медициналық мекемелерге үлестіріледі. Бұған дейін Ресейден қорғаныш костюмдері, маска, көзілдірік, қолғап, аяққап әкелінді. Костюмдердің жалпы құны 308 млн теңге», - делінген штаб ақпаратында.

Бүгінде өңірдегі медициналық ұйымдарда COVID-19 емдеу хаттамасымен ұсынылатын дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры бар. Сондай-ақ, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды, ол да 2 айға жетеді.

Соңғы жаңалықтар