ДДСҰ: Йеменде тырысқақ ауруының салдарынан 859 адам қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменде тырысқақ ауруымен науқастанушылар саны 116 мыңға жетті, деп хабарлайды Дүниежүзілік десаулық сақтау ұйымы.

Жағдайдың осылайша қалыптасуы салдарынан Йеменде 27 сәуірден бері кемінде 859 адам қайтыс болған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Twitter желісіндегі парақшасында айтылады, деп жазды бүгін 112.ua.

«Тырысқақтың салдарынан құрбан болғандар елдің 20 провинциясында тіркелген»,-делінген хабарламада.

ДДСҰ-ның өкілдері елдегі ауруханаларға тырысқақтың белгілері бойынша 116 мың 700 адам келіп, шағымданғандығын айтып отыр. Маусымдағы жағдай бойынша, елде қайтыс болғандар саны 789 адамды құраған.

Соңғы жаңалықтар