ДДСҰ сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін Уханьға келді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін Ухань қаласының «Тяньхэ» әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CGTN телеарнасына сілтеме жасап.
Ереже бойынша ДДСҰ делегациясының мүшелері 14 күндік карантиннен өтуі тиіс. ДДСҰ тобының құрамына әртүрлі елдердің мамандары кірген.
Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлағандай, ДДСҰ халықаралық сарапшылар тобы Қытайда қытайлық ғалымдармен бірге коронавирустың жаңа түрінің пайда болуын бақылау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың соңында Қытай билігі ДДСҰ-ға Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршігені туралы хабарлаған болатын.
- «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді
- COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады
- Қазақстандағы АҚШ Елшілігі «30 жыл бірге» науқанын бастады
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
-
ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын талап ету міндетті емес деп санайды
-
Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам