ДДСҰ өкілі Қазақстанға алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге референс-зертханаларында тестілеу жүргізу мүмкіндігі үшін Қазақстанның Президенті мен Үкіметіне алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қазақстанның Үкіметіне, Президент Тоқаев пен Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 ықтимал жағдайларына қатысты ДДСҰ референс-зертханаларында тестілеу жүргізуге келісім бергені үшін алғысымды айтамын», - деп жазды Ханс Клюге Twitter парақшасында .

Айта кетсек бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетінін жариялады. Осылайша COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар