ДДСҰ: коронавирустың дельта штаммы 192 елде таралды

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Корнавирустың тез жұғуымен ерекшеленетін «дельта» штаммы соңғы аптаның ішінде өзінің таралу географиясын 192 ел мен аумаққа ұлғайтты. «Альфа», «бета» және «гамма» штамдары бар елдер мен аумақтардың тізімі толықтырылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дельта нұсқасының болуы туралы хабарламалар 192 елден келді, ал алдыңғы аптадағы бюллетеньде 187 мемлекетте болғаны туралы ұйымның хабарламасында айтылған. Дельта штаммы 2020 жылдың қазан айынан бастап Үндістанда табылғаннан бері мамандарға белгілі.

ДДСҰ деректерінше 5 қазандағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 235 175 106 адам коронавирус жұқтырған, өлім жағдайларының саны 4 806 841-ге жетті. ДДСҰ-ның Женева штаб-пәтеріне түскен мәліметтерде көрсетілгендей, инфекцияның ең көп расталған жағдайы АҚШ-та тіркелген. Мұнда 43 401 318 адам коронавирусқа шалдыққан. Келесі орындарда Үндістан (33 853 048), Бразилия (21 468 121), Ұлыбритания (7 934 940) және Ресей (7 637 427).

Өлім жағдайлары бойынша АҚШ-та 696 732 жағдай тіркелген, екінші орында Бразилия (597 948), үшінші орында – Үндістан (449 260). Әрі қарай тізімде Мексика (278 803) мен Ресей (211 696) тұр.


Соңғы жаңалықтар