ДДСҰ коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануды мақұлдады

None
None
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Sinovac фармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолдануы мақұлдады. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасы қауіпсіз, тиімді және сапалы деп танылғаннан кейін шұғыл пайдалану үшін ДДСҰ тізіміне енгізілгенін хабарлауға қуаныштымын», – деді ДДСҰ басшысы.

ДДСҰ басшысы CoronaVac сақтау сапасына қойылатын қарапайым талаптарды да айта кетті.

CoronaVac вакцинасы – белсенді емес вакцина және оны Бейжіңде орналасқан Sinovac фармацевтика компаниясы шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қолдану үшін ДДСҰ тізімінде келесі препараттар бар: қытайлық Sinopharm және Sinovac компанияларының вакциналары, Janssen вакцинасы, америкалық Moderna компаниясының вакцинасы, AstraZeneca/Oxford вакцинасының екі нұсқасы және Pfizer/BioNTech жасаған вакцина.

Еске сала кетсек, қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың доза Бейжіңнен Алматыға 1 маусымда жеткізілді.


Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар