+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жылдам өршіп барады

2020 жылғы 24 наурыз 01:08
Бөлісіңіз:
ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жылдам өршіп барады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Covid-19 жаңа коронавирус пандемиясы әлемде бұрынғыдан да жылдам тарап бара жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
30 наурыздан бастап Ақтауда бірқатар шектеу шаралары енгізіледі Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

«Алғашқы науқас анықталып,, олардың саны 100 мыңға жеткенше 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін - 11 күн, ал 300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді», - деді Гебрейесус Женевада өткен брифингіде.

Қазір инфекция әлемде 350 мыңнан астам науқастан табылған.

Дүйсенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, Covid-19-дан әлемде 15 мыңға жуық адам қайтыс болып, 100 мыңы сауығып кетті. Ең көп өлгендер - Италия (5,5 мыңға жуық) мен Қытайда (3 153 адам).

Испанияда коронавирус эпидемиясы басталғалы індетті жұқтырғандардың ең көп өлімі тіркелген. Кеше Covid-19-дан бұл елде 462 адам көз жұмды, бұл алдағы тәуліктегіден 26%-ға көп. Сонымен қатар жұқтырғандар да көп - 4 500.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT