ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы аяқталды

None
Фото: Denis Balibouse | Reuters
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының статусын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC.com сайтына сілтеме жасап.

«Бір жылдан астам уақыт бойы пандемия төмендеу үрдісін сақтап келген: халықтың инфекцияларға қарсы иммунитеті артып, өлім-жітім азайып, денсаулық сақтау жүйесіне қысым азайып келеді. Бұл көптеген елдерге коронавирус инфекциясы басталғанға дейінгі өмірге қайта оралуға мүмкіндік берді, сондықтан мен пандемияның аяқталғанын жариялай алам деген үміттемін», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Женевада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, SARS-CoV-2 коронавирусының таралуынан туындаған COVID-19 жағдайы 2020 жылдың 30 қаңтарында ресми түрде денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жарияланып, 11 наурызда төтенше пандемия статусын алған болатын.

Қазақстанда КВИ 1,4 млн-нан астам жағдайы тіркелді, тағы 91 мың адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты. Эпидемияның бүкіл кезеңінде коронавирустан 13 848 қазақстандық құрбан болды, тағы 5 413 адам КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Вирус әлемнің 114 елінде тараған. Пандемия басталғаннан бері әлемде 20 млн адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар