ДДСҰ коронавирус инфекциясын саралаудың жаңа кодын енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын саралаудың жаңа кодын енгізді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бірнеше айдың ішінде COVD-19 ауруы және оған қарсы күрес бойынша жаңа білім алдық. ДДСҰ бұл ауруды саралаудың жаңа кодтарын енгізді. Пневмонияның күрт өскені туралы Қазақстан тарапынан мәлімет келіп түсті. Оның бірі сол COVID-19 ауруымен байланысты. ДДСҰ-ның референс-зертханаларында тестілеу мүмкіндігін жасаған Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі ауруды жаңаша саралауға келісті. Бұл қадам COVID-19 ауруының ықтимал жағдайлары бойынша пациенттерді жеткілікті дәрежеде саралауға мүмкіндік береді. Бұл – Еуропалық аймақтағы және әлемдегі әрбір мемлекеттер ауруларды саралаудың халықаралық талаптарына сай бағалап жатқанын көрсетеді», - деді Ханс Клюге.

Оның айтуынша әрбір ауруға код белгіленеді.

«Мемлекеттердің көбі осы модельмен жүрер деген сенімдемін», - деп есептейді Ханс Клюге.

Еске сала кетсек Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Осылайша COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар