ДДСҰ қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге келісім берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге келісім берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге ресми түрде рұқсат берді. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында 2020 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеудің I кезеңін жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің клиникалық зерттеулері және 2021 жылдың 24 сәуірінде III кезең аяқталады», - деді Алексей Цой.
Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой COVID-19 вирусына қарсы вакцина жалпы қазақстандықтардың 15 пайызына салынатынын мәлім еткен еді.
- Жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы вакцина елімізге 2021 жылы келеді
- Ақпан айында Ақтөбеде 1 мың адам коронавирус вакцинасын қабылдайды
- Дәрі-дәрмектің шекті бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолданылуда – ҚР ДСМ
- COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
-
Қазақстанға әуе рейсімен келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
-
Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам