ДДСҰ Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде қызылша ауруына шалдығу оқиғаларының артуына алаңдаушылық білдіруде

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бөлімшесі Еуропа мен Орталық Азияда қызылша ауруына шалдығу оқиғаларының жиілеуіне алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды ДДСҰ-ның баспасөз қызметінен.

Ұйымның сарапшылары 2014-2015 жылдары осы аймақтың 7 елінде қызылша ауруына шалдығудың 22 мыңнан астам оқиғасын тіркеді. Соның ішінде 7 477 оқиға - Қырғызстанда, 5 340 - Босния және Герцеговинада, 3 247 - Ресейде, 3 291 - Грузияда, 1 674 - Италияда, 583 - Германияда және осы дертке шалдығудың 537 оқиғасы Қазақстанда анықталған.

ДДСҰ-ның еуропалық бюросында аталмыш ауруға шалдығудың жиілеп кеткен оқиғалары кері кетушілік болып табылып, осы мемлекеттердің 2015 жылға қарай қызылшаны жою міндеттеріне қайшы келіп отырғанын атап өтті. ДДСҰ Еуропа мен Орталық Азия елдерін түрлі асқынулар тудырып қана қоймай, тіпті өлім-жітімге әкеп соқтыруы мүмкін қызылша дертіне қарсы екпелерді адамдарға егуде өз күштерін белсендіре түсуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар