ДДСҰ дельта штамының медқызметкерлерді «жеткізбей» жатқанын мәлім етті

None
None
ЖЕНЕВА. ТАСС - ҚазАқпарат - SARS-CoV-2 коронавирусының «дельта» штамы «ұжымдық иммунитет» қалыптаспасып үлгергенше тез таралып жатыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Женевадағы брифингіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Дельта» біздің ұжымдық иммунитет қалыптасу деңгейін озып бара жатыр. Әрбір елдегі вакциналау деңгейі төмен және қоғамдық денсаулық сақтау саласында жеткілікті шара қолданып отырмаған өңірдерде ауруханаға жатқандар саны мен қайтыс болғандар деңгейі жоғары», - деді ол.

ДДСҰ басшысының мәліметінше, «дельта» және басқа да штамдардың мәселесін шешуге болады. Ол үшін коронавирусқа тестілеу ауқымын арттыру керек, ауруханаларды оттегімен, дәрі-дәрмекпен, вакцинамен және медқызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, пандемияға қарсы күресте жаңа әдіс табатын зерттеу аясын кеңейту керек.

Бас директордың айтуынша, қазіргі уақытта «вакцинаның 75%-ы тек 10 елде қолданылған». Ал, табыс деңгейі төмен елдерде халықтың тек 2%-ы ғана вакцина ектірген.

Осыған байланысты ДДСҰ әлемдік қауымдастықты қыркүйек айының соңына дейін аралық (бустер) вакциналауға мораторий белгілеуге шақырды. Бұл аралық вакцина жасағанға дейін денсаулығы осал адамдарды қорғауға мүмкіндік береді, аясы тар ұлттық мақсатқа ұмтыла бергенше, бір-біріне тәуелді әлемдегі коронавирус мутация тоқтамай тұрған кезде иммундауға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысу керек, деп түсіндірді Гебрейесус.


Соңғы жаңалықтар