ДДСҰ басшысы қазақстандық медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеоқұттықтау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды.

«Жоғары мәртебелі министр Ажар Ғиният, қымбатты әріптестер мен достар! Бүгін сіздермен бірге ұлттық денсаулық сақтау қызметкерлерінің күнін атап өту мен үшін үлкен мәртебе. ДДСҰ атынан Абай облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан 14 орманшының қазасына қайғыра көңіл айтамын. Денсаулық сақтау қызметкерлері де ержүрек орманшылар сияқты әр уақытта адам өмірін батылдықпен қорғау үшін жиі тәуекелге барады», - деді ол.

ДДСҰ басшысы медицина мамандарының алаңсыз қызмет атқаруына жағдай жасау бүкіл адамзат міндеті екенін еске салды.

«Біз денсаулық сақтау қызметкерлерінің сапалы білімі мен кәсіби дайындығын бірге қамтамасыз етуіміз керек. Қауіпсіз еңбек жағдайы, лайықты жалақы, тең мүмкіндіктер мен оларға лайықты құрмет таныту қажет», - деді Тедрос Гебрейесус.


Соңғы жаңалықтар