ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясының 2023 жылы аяқталатынына сенім білдірді

None
Фото: Артем Иванов/ ТАСС
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының 2023 жылы аяқталатынына және осы ауруға байланысты халықаралық төтенше жағдай режимінің жойылатынына сенімді. Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалімен марапатталған кезде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Биыл біз COVID-19-дың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталады деп айта алатынымызға сенімдімін», - деді Гебрейесус.

Ол 11 наурызда «ДДСҰ алғаш рет COVID-19 жаһандық өршуін пандемия ретінде сипаттауға болатынын жариялағанына» үш жыл толатынын еске салды. Бұл әлемдік ақпарат құралдарының назарын аударған маңызды сәт болды.

«Қазір біз пандемия кезіне қарағанда әлдеқайда жақсы жағдайдамыз», - деді бас директор. Ол ДДСҰ үш жыл бұрын SARS-CoV-2 таралуына қатысты «пандемия» сөзін алғаш рет қолданған кезден гөрі «алғаш рет апта сайынғы хабарланған өлім санының аз болғанына» назар аударды. «Жағдай айтарлықтай жақсарды», - деп қосты Гебрейесус.

Пандемиядан үйренуге болатын «сабақтардың» ішінде ол денсаулық сақтау, ғылыми зерттеу жүргізу, халықаралық ынтымақтастыққа инвестиция салудың маңыздылығын атады.


Соңғы жаңалықтар