ДДСҰ басшысы: әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру санының күрт өршуі алаңдаушылық тудырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус инфекциясының таралымы пандемияның бүкіл уақытында ең жоғары көрсеткішке жақындап қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Las Vegas Sun-ға сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы бұл жөнінде баспасөзге арналған брифинг кезінде айтты. Ол бүкіл әлем бойынша жаңа расталған оқиғалардың күн сайынғы саны соңғы екі айда екі есе көбейгенін атап өтті.

«Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру, одан болған өлім-жітім санының жылдамдықпен өсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Вирус жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны пандемия басталғаннан бері ең жоғары көрсеткішке жақындап қалған», - деді ол.

ДДСҰ бұған дейін вирустың тез таралуынан аман қалған Папуа-Жаңа Гвинея сияқты кейбір елдерде қазіргі кезде ауру жұқтыру санының күрт өскенін мәлімдеді.

«Жылдың басына дейін Папуа-Жаңа Гвинеяда ауру жұқтырудың 900-ға жуық жағдайы мен 9 өлім тіркелген», - деп атап өтті Гебреисус.

Қазіргі кеде елде вирус жұқтырудың 9 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны, 83 адамның қайтыс болғаны анықталды, соның жартысы өткен айда тіркелген.

Бүгінде COVAX әлемнің 100-ден астам еліне 40 миллионға жуық вакцинасын жіберді. Бұл әлем тұрғындарының 0,25 пайызына жуығын қорғау үшін жеткілікті.


Соңғы жаңалықтар