ДДСҰ алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балалар мен жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды алғаш рет құптады. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат мәтінінде балалар мен жасөспірімдер COVID-19 вирусын ересектерге қарағанда жеңіл түрде еңсеретіні айтылған.

«Сондықтан, егер олар ауыр COVID-19 қаупі жоғары топта болмаса, оларды егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарағанда жедел түрде вакцинациялау керек», — деп атап өткен ДДСҰ.

Бұған дейін ұйым балаларға вакциналарды қолдануға қатысты «жеткілікті деректер жоқтығын» мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар