ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы бір аптада 15% төмендеді

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендегенін мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйым сайтында жарияланатын бюллетеньге сәйкес, өткен аптада әлемде вирусқа шалдығудың 3 миллионнан астам дерегі (3 016 005) мен одан қайтыс болудың 73 мыңнан астам жағдайы тіркелген. ДДСҰ мәліметінше, ауыр вирустан өлім-жітім оқиғаларының саны да 8 пайызға азайған.

Вирусқа шалдығу деңгейінің ең көп төмендеуі Оңтүстік-Шығыс Азия (31%) мен Еуропада (17%) тіркелген. Онымен бір мезгілде Африкада керісінше, 25 пайызға артқан. Солтүстік және Оңтүстік Америка тіркелген оқиғалар саны жағынан көш бастап тұр – мұнда өткен аптада індетті жұқтыру көрсеткіші 1,1 миллионға жеткен. Екінші орында Оңтүстік Шығыс Азия орналасқан (бір миллионнан астам жаңа оқиға). Үшінші орында - Үндістан (914 мыңнан астам адам).

ДДСҰ сондай-ақ 2021 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 2,09 миллион дозасы салынғанын қосып өтті.


Соңғы жаңалықтар