ДДСҰ: 170 елде коронавирустың дельта-штамы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың дельта-штамы әлемнің кем дегенде 170 елі мен аумағында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтына сілтеме жасап.

Әлемде коронавирусқа шалдығудың 216 миллионға жуық оқиғасы тіркелген, ал одан қайтыс болу жағдайларының саны – 4, 5 миллиондай.

Өткен аптада қауіпті вирусқа шалдығу жаңа оқиғаларының ең көп саны АҚШ-та тіркелген (900 мыңнан астам), бұл елде ауруға шалдығу көрсеткішінің өткен аптамен салыстырғанда 8 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Үндістанда вирус жұқтыру санының өсімі – 17 пайыз. Ұлыбританияда вирусқа шалдыққандар саны 8 пайызға көтерілген.

Апта ішінде бүкіл әлем бойынша коронавирустан тіркелген өлім жағдайларының саны өткен аптадағыдай 67 мыңнан асып отыр.


Соңғы жаңалықтар