DAZN платформасы Геннадий Головкиннің арқасында қанша пайда тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Fightnights.com сайтының твиттерінде DAZN стриминг платформасының мексикалық боксшы Сауль Альвареспен және қазақстандық Геннадий Головкинмен келісімшартқа отырғаннан кейінгі табысы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, «Канело» мен Головкин DAZN платформасына қомақты табыс әкеліп отыр.

«DAZN жылына 200 млн доллар тауып отырғанын сеніммен айтуға болады. Осы соманың тең жартысы «Канело» мен Геннадий Головкиннің арқасында келеді. Олар жылына екі рет айқас өткізу арқылы осынша пайда әкелуде. Бәлкім, DAZN әлі байып кете қойған жоқ шығар, бірақ ол байлыққа апаратын жолда», - деп жазды FightNights.com.

DAZN стриминг платформасы «Канело» мен Головкинді өз қатарына қосу үшін жұмсаған сома мынадай: Альвареске 11 жекпе-жек үшін - 365 млн доллар, ал Головкинге 6 айқас үшін - 100 млн доллардан астам.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин таяуда рингке қайта оралады. Ол 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар