DAZN «Канело» мен Головкиннің үшінші жекпе-жегіне пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - DAZN стриминг сервисінің атқарушы директоры Джон Скиппер орта салмақтағы WBA (Super)/IBF чемпионы «Канелоның» 14 қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізуден бас тартуына қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Көпшілік «Канело» қыркүйекте Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізеді деп күткен болатын. Бірақ мексикалық боксшы «үздік қарсылас іздейтінін» айтып, рингке оралатын күнін кейінге қалдырды.

«Жылдық кестені жанкүйерлеге жағымды етіп құру үстінде жұмыс істеп келеміз. 2019 жылғы күнтізбені нақтылап алмай жатып, болашақ жоспарлар жайлы айтсақ, асығыстық болар еді. «Канело» DAZN үшін аса маңызды. Оның біздің платформада өткізген алғашқы екі жекпе-жегі жазылушылар санын мейлінше арттырды. Оның кейінірек болса да, биыл жекпе-жек өткізгенін көрсек, қуанар едік», — деді Скиппер.


Соңғы жаңалықтар