DAZN Головкиннің алдағы айқасының маңыздылығын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - DAZN платформасының өкілі Джозеф Марковски қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның канадалық Стив Роллспен алдағы айқасының маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Головкин мен Роллс айқасы - біздің бизнесіміз бен оның нарықта ұдайы дамуына ықпал ететін үлкен шара. Табысты болу үшін бізде бокстағы танымал есімдер керек, сондықтан біз Солтүстік Америкаға жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Бізде Головкиннен бөлек, «Канело» мен Джошуа бар. Осы үш есім қазір бокстағы ең танымалы екендігіне сенімдімін және олардың барлығы - біздің платформада. Олар бізбен бірге жұмыс жасауға дайын», - деді Марковски.

Еске сала кетсек, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар