DAZN: Головкин-Деревянченко жекпе-жегі қашан және қайда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DAZN стримингтік платформасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО), жекпе-жегі жайында хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш кездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN платформасынан таратылады. Қарсыластар бос тұрған IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады.

«Big Drama Show қайта оралды! Головкин-Деревянченко», - деп жазады DAZN.

Еске сала кетейік, Головкин наурыз айында DAZN-мен алты айқасты қамтитын келісімшарт жасасқан еді. Қазақстандық боксшы оларды үш жылдың көлемінде өткізуі тиіс. GGG-дің серіктестік үшін гонорары 100 млн доллардан астам сомаға бағаланады.

Еске салайық, Геннадий алғашқы жекпе-жегін 8 маусымда өткізіп, төртінші раундта канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсірді.

Соңғы жаңалықтар