DAZN Геннадий Головкиннің басты бес жетістігін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DAZN платформасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толуымен құттықтап, оның спорт мансабындағы ең үздік жетістіктерін еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

DAZN Головкиннің басты жетістіктеріне мыналарды жатқызады:

- Олимпиаданың күміс медалі

- 2008-2017 жылдар аралығында 23 нокаут топтамасы

- орта салмақтағы бұрынғы чемпиондық атақ

- титулды 20 рет табысты қорғап шығуы

- орта салмақ тарихында нокауттардың ең жоғары пайызы (89,5%).

Еске сала кетсек, қазіргі кезде Головкин - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ IBO нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион. Биылғы қыркүйек айында Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтіліп отыр.

Париматч букмекерлік кеңсесінің бұл айқасқа қатысты болжамы мынадай: «Канелоның» жеңісі - 1.53, Головкиннің жеңісі - 2.4, тең ойын - 19.

Айта кетейік, екеуінің арасындағы бірінші жекпе-жек - тең, ал екіншісі - төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

Соңғы жаңалықтар