+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Давид Лория Аршавин және Какамен бірге UEFA-ның магистрлік бағдарламасы бойынша білім алмақ

2019 жылғы 17 қазан 18:13
Бөлісіңіз:
Давид Лория Аршавин және Какамен бірге UEFA-ның магистрлік бағдарламасы бойынша білім алмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі қақпашы Давид Лория әлемдік футболда есімі танымал жұлдыздармен бірге UEFA магистрлік бағдарламасы бойынша білім алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Ұлттар лигасында Қазақстан қай себетте орналасады Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады Қазақстан УЕФА рейтингінде бір сатыға көтерілді

Бағдарлама негізінде білім алушылар қатарында Андрей Аршавин, Алексей Смертин, Дидье Дрогба, Кака, Жулио Сезар, Рене Адлер, Флоран Малуда, Жереми Нжитап сынды жұлдыздар бар. Ендігі кезекте бұл жұлдыздар футбол саласында өз істерін жалғастыруға осылайша алғашқы қадам жасап отыр.

Давид Лория 1981 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Өзінің спорттық карьерасында ол қазақстандық «Жеңіс» («Астана-1964»), «Есіл» («Оқжетпес», ), «Шахтер», «Локомотив» («Астана»), «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», швециялық «Хальмстад», ресейлік «Спартак-Нальчик», түркиялық «Ризеспор», «Каршияка» клубтарының қақпасын қорғады. Спорттық карьерасын биыл Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында аяқтады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2000-2017 жылдар аралығында 45 ойын өткізді.

Айта кетерлігі, UEFA магистрлік бағдарламасы арқылы жұлдыздар футбол саласы бойынша әкімшілік жұмыстар негізінде футболды дамытуға күш жұмсайтын болады. Футбол жұлдыздары 20 айға жуық осы бағытта білімі мен біліктілігін толықтыра түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT