Давид Лемье: «Үздіктермен жұдырықтасқым келеді, ал Головкин үздік болып табылады»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі айқасын 17 қазан күні Нью-Йорк қаласында өткізеді. Оның қарсыласы IBF нұсқасы бойынша бұл салмақтағы әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье болмақ.

Канада боксшысының айтуынша, ол Головкиннің шабуылдау стилінде бокстасатынына қуанады.

«Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді, ал Головкин үздік болып табылады. Қазіргі кезде ол биікте тұр. Оны соққылағанда бар күшімді саламын. Менің де нокауттарым, күшім де мол. Головкин - алға жүретін жігіт, шаршы алаңда артынан жүгірмейтінімді білемін», - деді Лемье.

Соңғы жаңалықтар