+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Давид Дегтярев Токиодағы Паралимпиадада алтын жүлде иеленді

2021 жылғы 26 тамыз 16:24
Бөлісіңіз:
Давид Дегтярев Токиодағы Паралимпиадада  алтын жүлде иеленді

ТОКИО. ҚазАқпарат - Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші ойынын франциялық командаға қарсы өткізеді Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен кездеседі

Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 кг) «күміс» жүлделі болса, ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 кг) бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болды.

Айта кетсек, Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызынан – 5 қыркүйек аралығында Токиода өтіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT