Дауыс беруші арыстық тұрғын шашу шашса, сарыағаштық зейнеткерге шапан жабылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Референдумда дауыс берген 70 жастағы сарыағаштық тұрғын Ибадулла Қалымбетовке шапан сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданы бойынша қала, кент және ауылдық округтердегі 79 референдум учаскесі сағат 7-де жұмысын бастады. Алғаш дауыс берушілер арнайы сыйлықтарға ие болды. Мәселен, Көктерек кентінде орналасқан №672 референдум учаскесінде алғашқы таңдауын жасаған 70 жастағы зейнеткер Ибадулла Қалымбетовке шапан жауып, сый-құрмет көрсетілді.

Ал, Арыс қаласындағы №5 референдум учаскесіне өз таңдауын жасау үшін келген Айгүл Карабалаева шашу шашты. Жаңа Қазақстан құруда жүрекжарды лебізін білдіріп, көпшілікке сәттілік тіледі.

Айта кетсек, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 85 жастағы тұрғыны Жандарбек Жүсіпов алғашқылардың бірі болып дауыс берген еді.



Соңғы жаңалықтар