Дауыс беру күнінде үгіт жүргізген 5 адам жауапқа тартылды - Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күнінде үгіт жүргізген 5 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

«Сайлау болатын күні үгіт жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен жауапқа 5 адам тартылды. Олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысында, ал Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында бір-бірден», - деді ол Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында.

Бас прокуратура өкілі сайлау комиссияларының 18 мүшесі азаматтарға басқа адам үшін дауыс беруге бюллетень бергенін мәлім етті.

Бұған дейін дауыс беру күні орын алған әкімшілік құқық бұзушылық саны 40-қа жеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар