+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті

2021 жылғы 26 ақпан 14:24
Бөлісіңіз:
Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Түпқараған шығанағында құйынды жел порттағы 7 баржаны зәкірінен үзіп әкетті. Оқиғаға қатысты мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды Тәуелсіз Қазақстанның тірі батырлары

«Нашар ауа райынан Түпқараған шығанағындағы Баутино портында зәкір шынжырынан 7 баржа үзіліп кетті. Болжамды уақыт – 26 ақпан, сағат 03.00. Дауылды жел мен мұз баржалардың жағадан алыстуына алып келді.

Қазір баржалар Баутино портының солтүстігі - Құлалы аралына қарай қалқып жылжуда. Оларды қайтару үшін буксирлер жіберілді.

Зардап шеккендер жоқ. Теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жоқ, сондай-ақ судың ластануы тіркелмеді», - деді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT