+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

2021 жылғы 28 шілде 11:37
Бөлісіңіз:
Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

СТЕПНОГОРСК. ҚазАқпарат – Степноргорск қаласының қатты дауылдан зардап шеккен Изобильный және Бестөбе ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 16 қыркүйек. Күн райына болжам Қазгидромет: Қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамы

Степногорск қаласы әкімінің баспасөз қызметі қала әкімдігінің келісім күтіп отырғанын мәлімдеді.

«Құжаттар Министрлікте келісілуде. Сол себепті ТЖ ресми түрде әлі жарияланбады», - деді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.

Дауылды желдің салдарынан екі ауылда 38 үй мен әлеуметтік нысанның шатыры қирап, олардың алтауы қатты зақымданған. Одан бөлек, Изобильный және Подхоз ауылдарының тұрғындары желдің трансформаторды зақымдауы мен электр беру желілерінің 40 тірегін құлатуы салдарынан электр жарығысыз қалып отыр.

ТЖ-ның енгізілуі адамдарға келтірілген шығындарды қайтаруға көмектесетіні аталып өтілді.

«Егер ТЖ енгізсек, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсете аламыз. Оларға 40 АЕК көлемінде көмек қарастырылады», - деп қорытты Ұ. Молдахметова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT