Дауылбаев: Отандық және халықаралық байқаушылардың міндеттемелері көп жағынан ұқсас

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев отандық және халықаралық байқаушылардың құқықтары мен міндеттемелері қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге ҮЕҰ академиясы» білім беру жобасы шеңберінде сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өткізіп жатыр. Отырысқа онлайн режимде 500-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Жиында сайлауды байқау негіздері түсіндіріліп жатыр.

«Отандық және халықаралық байқаушылардың құқығы Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңымен реттеледі. Халықаралық және отандық байқаушылардың құқықтары мен міндеттемелері көп жағынан ұқсас. Негізгі айырмашылық мынада: халықаралық байқаушылар сайлау комиссиясында сайлау процесінің барлық сатысына қатысуға құқылы. Ал отандық байқаушылар – учаскелік сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін сайлау күні байқаушы мәртебесіне ие болады. Сайлау учаскесінде бір уақытта болатын халықаралық байқаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны шектеусіз. Ал отандық байқаушыларға келер болсақ, саяси партиялардың сенімді өкілдері мен отандық БАҚ өкілдерінен бір уақытта бір-бір адамнан қатыса алады», - деді Ерлан Дауыл.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлау күні сайлау учаскелерінде болатын байқаушылар, БАҚ өкілдері мен саяси партиялардың сенімді өкілдері құжаттарын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына көрсетуі керек.


Соңғы жаңалықтар