Дауыл, жауын, бұршақ – сейсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерінде тұрақсыз ауа райымен найзағай және жаңбыр күтіледі. Солтүстік облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, кей жерлерінде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, облыстарының қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар