Дауыл салдарынан Украинаның 8 облысы электр қуатынсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Укринформ-ҚазАқпарат – Жаңбыр, күшті жел салдарынан Украинаның сегіз облысындағы 339 елді мекенде электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ-ге сілтеме жасап.

Украинада ауа-райы қолайсыздығының салдарынан сегіз облыстағы 339 елді мекен электр қуатынсыз қалды, 20 ғимараттың шатыры қирап, алты тұрғын үй мен 34 ауланы су басқан. 163 ағаш құлаған.

«7 тамыз күні сағат 7-де ауа-райының бұзылуына (жаңбыр, найзағай, жел екпіні) байланысты сегіз облыстағы 339 елді мекен (Полтава облысында 78, Черкаста – 59, Чернигов – 55, Одесса – 47, Сум – 40, Хмельницк – 28, Кировоградта – 24 және Николаев облысында 8) электр тоғынан ажырап қалды. Электр беруді қалпына келтіру үшін облыстық энергетика бригадалары жұмылдырылған», - делінген Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, дауыл жел 20 ғимараттың шатырын зақымдаған, нөсер жаңбыр салдарынан алты тұрғын үй мен 34 жеке үйді су басқан және 163 ағаш құлаған, Табиғаттың оқыс мінезінен адамдар зардап шекпеген.

Құтқарушылар 2 мың 486 текше метр суды сорғызып, құлаған ағаштарды кесіп, жинады. Жұмыс аяқталды. Оған Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттің қызметінің 204 қызметкері мен 61 техникасы жұмылдырды.


Соңғы жаңалықтар