+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Дауыл, найзағай, бұршақ: 18 маусымға арналған ауа райы

2021 жылғы 18 маусым 01:22
Бөлісіңіз:
Дауыл, найзағай, бұршақ: 18 маусымға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –18 маусым күні атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің көп бөлігінде найзағай, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-шығыстағы тауларда дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті Елордада 35 градус ыстық болады Демалыс күндері Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ, дауыл күтіледі, кей жерлерде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT